Әріптестер / Ассоциациялар

Қазақстанның ғылыми-білім компьютерлер желісін пайдаланушылардың ассоциациясы.

Миссиясы: Елдегі білім мен ғылымның зерттеулер сапасының көтерілуіне жәрдемдесу, осының негізінде бірыңғай ғылыми-білім компьютерлер желісін құру.

Миссиясы: Елдегі білім мен ғылымның зерттеулер сапасының көтерілуіне жәрдемдесу, осының негізінде бірыңғай ғылыми-білім компьютерлер желісін құру.

Жалпы мағұлмат

Қазақстанның ғылыми-білім компьютерлер желісін пайдаланушылардың ассоциациясы заңды тұлғалардың ассоциация үлгісіндегі бірлестігі ретінде 2001 жылдың 3-ші тамызында тіркелген коммерциялық емес ұйым (куәлік N 41688-1910-ОЮЛ).
Ассоциацияның құрылу және қызметтінің мақсаты- Қазақстан ғылыми-білім компьютерлер желісінің құрылуына, дамуына, қолданылуына жәрдемдесу үшін білім және ғылым деңгейін жоғарылату, жаһандық ақпараттық кеңістікте Қазақстан Республикасының толыққанды кіруі үшін Ассоциация мүшелерінің күшін біріктіріп іс-қимылдарына координация жасау.
Ассоциация жаңа мүшелер үшін ашық және Мекемелік келісім-шартқа сәйкес іс-қимыл жасайды.

Желінің негізгі тағайындаулар- ғылым және білім мекемелерін, ғаламтор технологияларының негізінде келесі ақпараттық қызметтердің желілерімен қамтамасыз ету: жоғары жылдамдықты ғаламтор; қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру; видеоконферециялық байланыс; аудиоконференциялық байланыс; IP-телефония; видеотелефония үшін платформа, видеомағұлматтар және графикамен алмасу; хабарламалармен алмасу; тиісті рұқсаты бар пайдаланушылардың мағұлматтарын сақтайтын және айырбастайтын қызмет; пайдаланушылар терминалдары арасында URL жіберу; электронды кітапханаға қосу; пайдаланушыларды және қауіпсіздік саясатын басқару; желілер ресурстарының жағдайына мониторинг жасау қызметі болып табылады.

Қазақстанның «KazRena» ғылым-білім желісі- пайдаланушылардың Қазақстандық және халықаралық ғылым-білімнің электорнды ресурстарына және жалпы қолданыстағы Ғаламтор ресурстарына шығуын қамтамасыз ету.
Европалық Комиссияның жобаларына сәйкес «орталық-азиялық ғылым-білім желісі» (CAREN)2011 жылы жалпы европалық ғылым-білім желісіне (GEANT)шығу мүмкіндігін жоспарлауда.

«KazRena»Ассоциациясы Транс-европалық ғылым-білім желісіне кіреді (www.terena.org) – 2001 жылдан 2010 жылға дейін NATO-ның «Виртуальді Жібек Жолы» атты ғылыми жобаның қатысушысы болды.(www.silkproject.org.) 2010 жылдан бері Европалық Комиссияның «CAREN»- Орталық –азиялық ғылым-білім желісінің жобасына қатысуда(www.caren.dante.net). Ассоциация «NATO әріптестігінің жеке жоспарының іс-қимылы және ҚР Үкіметі», «Компьютерлік желілердің ақпаратттық қауіпсіздігі және Сейсмологиялық мониторингтік жаңа технологиялар» бөлімі бойынша 2011-2012 жылдарға арналған бағдарламаларының атқарушысы болып табылады.

http://www.kazrene.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=2<emid=3