Әлемдегі ғылым

Министр ҰМҒТСО АҚ-нда болды

20.01.2023

793



Бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰМҒТСО қызметкерлерімен кездесті. 

Кездесу барысында ғылым саласындағы реформаларға тоқталып, ғалымдардың мәртебесін арттыру мәселесін алға тартты. Қоғамдағы ғалымның мәртебесін нығайту, дарынды жастарды студенттік кезден бастап қолдау, ғылыми ізденістерге тарту бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы хабардар етті. Сондай-ақ, озық елдердегі ғылымды мысалға келтіре отырып, еліміздегі осы салада атқарылуға тиісті бірқатар мәселелерді көтерді. Әсіресе, ғылым мен бизнес, ғылым және өндіріс арасындағы тығыз байланыстың маңыздылығына тоқталды. Ол үшін гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылатын бағдарламалар және жобалардың ғылым саласындағы рөліне баса назар аудару қажеттігін айтты. 


Ғылыми басқарма құрылымындағы ең маңызды, тіпті орталықтардың бірі ретінде Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының орны мен рөлі ерекше атап өтілді.  ҰМҒТСО АҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу арқылы цифрландыру жұмыстары кеңейтіліп, жетілдіріліп, ғылыми басқарудың және ғылыми қоғамдастық өкілдеріне қызмет көрсетудің барлық бағыттарын қамтитын болады. Негізгі қаржыландыру құралы арқылы маңызды іргелі зерттеулер жүргізетін ғылыми-зерттеу институттары мен ғалымдарды қолдау қазірдің өзінде қолға алынған. Көптеген мәселелер әлдеқайда жылдам шешімін табуда. 

Саясат Нұрбек ҰМҒТСО ұжымына Мемлекет басшысының алға қойған тапсырмаларын жүзеге асыруда үлкен сенім артатынын білдірді. 

Кездесу аясында Министр Саясат Нұрбек және Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Закиге ҰМҒТСО қызметкерлері сұрақтарын қойып, ашық жауап ала алды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар