Әлемдегі ғылым

Шай қант диабетінің даму қаупін азайтады

12.09.2022

1180

Көбіне шайдан гөрі адам ағзасына су пайдалы деген пікірді жиі естиміз. Бірақ, ғалымдар шайдың да пайдалы екенін айтады. Мысалы, соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер бойынша шай аурудың даму қаупін азайтатынын көрсеткен. Бұл сусынды үнемі тұтыну қатерлі ісік пен жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтатыны қазірдің өзінде белгілі. Бірақ, ғалымдар шай ішу фактісі емес, күніне қанша шыны ішетіні маңызды деп санайды, деп жазады New Atlas.

Жаңа зерттеуде ғалымдар шай ішу мен 2 типті қант диабетінің даму қаупі арасындағы байланысты зерттеуге назар аударған. Зерттеудің жетекші авторы Сяйин Ли және оның әріптестері он жылдан астам уақыт бойы 5000-нан астам адамды бақылаған. Зерттеушілердің жартысы шай ішетінін айтты, бірақ ғалымдар 12 жылдан кейін шай ішкен және ішпейтін топтарда қант диабетімен ауыру деңгейі бірдей болғанын байқады.
Осыдан кейін ғалымдар ішетін шай мөлшері аурудың даму қаупіне қалай әсер ететінін зерттеуге шешім қабылдады. Зерттеу барысында олар күніне үш кесе ғана шайдың аурудың даму қаупін 4%-ға төмендететінін анықтады. Ал күніне төрт немесе одан да көп шай ішу аурудың даму қаупін 17%-ға дейін төмендетеді екен.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар