Әлемдегі ғылым

Ғалымдар адам ағзасындағы мырышты толықтырудың жаңа үлгісін ойлап тапты

22.11.2021

2245


Солтүстік Кавказ федеральді университетінің ғалымдары дәрілер мен биологиялық белсенді қоспалардың құрамында болатын мырыштың тез сіңетін формасын ойлап тапты, деп жазады https://iz.ru/.

Осы университеттің наноқұрылымдар мен материалдар физикасы және технологиясы кафедрасының доценті Андрей Блиновтың айтуынша, адам мырыштың күнделікті дозасын тамақтан алмайды. Оны кешенді витаминдер және биологиялық белсендіргіш қоспалар арқылы толықтыруға тырысады. Бірақ, олар адам ағзасына ойдағыфдай тез сіңе қоймайды. Дәріханалардағы препараттарда мырыштың органикалық емес түрі, яғни оксидтер, тұздар қолданылады. Адам ағзасына оның тек 5%-ы ғана сіңеді екен.

Ғалымдар ойлап тапқан мырыштың жаңа формасының құрамында В2 витамині рибофлавин және мырыш лизинаторибофлавинаты бар. Осы қоспамен сүтті де байыту ұсынылады. Зерттеу нәтижесі мырыштың бұл түрінің адам ағзасына тиімді екенін көрсеткен.
Қазіргі таңда адамзатта мырыш жетіспеушілігі байқалғандықтан, бұл микроэлемент таптырмас дәрумен болып отыр. Ол иммунитетті көтеріп, ми жұмысын жақсартады және жүйке жүйесін қорғайды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар