Әлемдегі ғылым

Ғалымдарға бейтаныс радиосигналдар пайда болды

11.10.2021

2282

Ғалымдар тобы қызыл гномдарда болмайтын радио сигналдарын ұстаған. Оған көзге көрінбейтін экзопланеталар себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Австралияның Квинсленд университетінің және нидерландтық ASTRON обсерваториясының ғалымдары бұған дейін белгісіз болып келген жұлдыздар мен планеталар туралы ақпарат бере алатын бейтаныс радиотолқындарды зерттеуде. Ол үшін Нидерландта пайдалануға берілген әлемдегі ең сезімтал радиотелескоп қажет болған.

Бенджамин Поп пен оның әріптестері кішкентай әрі онша жарық емес жұлдыздарды, яғни қызыл гномдарды жаңа әдіс бойынша зерттеуі мүмкін.
Зерттеу авторлары күн жүйесіндегі планеталардың магниттік өрістері күн желімен өзара әрекеттесетін болғандықтан, қуаты күшті радиотолқындарын шығаратынын бұрыннан білгенін айтады. Бірақ, осы уақытқа дейін бұндай радио сигналдарын ешкім ұстамаған екен.

Аспан әлемі белсенді галактикалық ядролардан, кейбір жұлдыздардан, жұлдызаралық газдан, планетарлық тұмандардан таралатын радио сигналдарға толы. Оны тек антеннаның тиімді ауданы бір километрге жететін LOFAR радио телескопы іске қосылғаннан кейін ғана бақылауға болады.

Зерттеу тобы алдымен қызыл гномдарды бақылады. Себебі, олардың магниттік белсенділігінен жұлдызды жарқылдар мен радио толқындары туады. Бірақ, бұл жолы сигналдар магниттік белсенділігі төмен жұлдыздардан келген. Анықталған радио толқындардың ерекшелгі сол, олардың электр өрісінің векторы шеңбер бойымен айналады.

Бұл жұмыстың жетекшісі Лейден университетінің қызметкері Джозеф Куллингем, жазылған сигналдардың көрінбейтін планеталардың магниттік өріспен өзара әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болатынына сенімді.

Материал https://www.gazeta.ru/science/2021/10/11_a_14074021.shtml деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар