Қазақстан ғылымы

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ мен «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

17.04.2023

699



«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы мен Tech Garden (бұдан әрі – Tech Garden) брендімен жұмыс істейтін «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. 
Меморандум аясында тараптар «Қазақстандағы ғылымды цифрландыру» жобасын жүзеге асырудағы ынтымақтастық, Tech Gadren жобалары мен іс-шараларына Қазақстанның ғылыми және сарапшылық қоғамдастығы өкілдерінің қатысуы туралы келісті. 

ҰМҒТСО АҚ мен «Tech Garden» ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасындағы ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтің тиімділігін арттыруға, ғылыми-технологиялық саясатты жүзеге асыруда Жасанды интеллект әлеуетін пайдалануға, ғылыми ұйымдар мен өнеркәсіптік секторлар арасында серіктестік қатынастарды қалыптастыруға ықпал етеді.

«Қазіргі уақытта ғылым саласындағы мемлекеттік саясат экономиканың маңызды салаларындағы, ең алдымен технологиялық және өндірістік салалардағы ғылыми-инновациялық қызметке бағытталған. Сондықтан еліміздің экономикалық дамуының жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын барлық құрылымдардың ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылын дамыту қажет», - деп мәлімдеді ҰМҒТСО АҚ басқарма төрағасы А. Қашқынбеков. 

ҰМҒТСО АҚ мен Tech Gadren арасындағы ынтымақтастық алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ғылыми-техникалық даму саласындағы өзекті міндеттерді шешуге ықпал етпек. 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар