Қазақстан ғылымы

Ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді

12.04.2023

682



Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысы болып өтті. 

«Ғылымды дамытудағы жаңа трендтер» тақырыбындағы «дөңгелек үстелде» Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки бұл отырыста Мемлекет басшысы ғалымдарымыздың бастамаларына қолдау білдіргенін жеткізді.  
Ғылым комитетінің төрағасы Ғылым академиясының рөліне, ғылыми ізденістердің экономикаға қажеттілігіне қатысты жүйелі мәселелерге байланысты баяндамалар жасалғанын, сонымен қатар ядролық энергетиканы, жаңа технологияларды дамыту, торий реакторларын жасау мәселелерінің талқыға түскенін айтып өтті.  

Сондай-ақ, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында гендік технологияларды дамыту, тарихи мұраларды, археологиялық жәдігерлерді сақтау, елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуда ғылыми қамту мәселелерінің талқыланғанын алға тартты. 

Дархан Жұмақанұлының мәлімдеуінше, Президенттің тапсырмасымен Ғылым академиясының рөлін жетілдіріп, ғалымдарға әлеуметтік қолдау көрсету, әсіресе ғылыми дәрежелері мен атақтары бар ғалымдарға үстемақы төлеу, сондай-ақ мамандардың жұмысына кедергі келтірмеу үшін зертханалар және ғылыми орталықтардың материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуін қаржыландыруға байланысты іс-шаралар қолға алынбақшы. Бұған қоса университеттік ғылымды дамыту бойынша ЖОО-лар жанында инжиниригілік орталықтар мен технопарктер құру бастамасы жүзеге асырылатын болады. 


 
«« | »»
Соңғы жаңалықтар