Қазақстан ғылымы

Ахмет Байтұрсынұлы: «... Сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық»

12.10.2021

2463

Қазақ тіл білімінің, әліпбиінің негізін қалаған бірегей ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық», - деген болатын.
Соңғы кезде әртүрлі пікірлер айтылып жүрген тақырыптың бірі – латын әліпбиіне көшу болып отыр. Бірақ, елімізде Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі бұған дейін 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кирилл әліпбиіне ауыстырылған болатын.
Латын әліпбиінің ерекшеліктері туралы отандық мамандарымыздың пікіріне құлақ түріп көрсек.

Қуатбек Дүйсенов, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері, PhD докторант:
– Латын әлпбиіне көшу бізге жазуымызды ықшамдауға, оңтайландыруға мүмкіндік береді. Қазіргі әліпбиде 42 әріп болса, оның ішінде статистикалық есеп бойынша біз қолданбайтын 10 әріп бар. Осы әріптердің тілімізде қолданылу үлесі небәрі 0,001 пайыздай ғана. Мысалы, «Һ», «ъ», «ь», «э», «ю», «я». Белгілі бір атауларда ғана қолданылатын бұл әріптер қазір тілімізде, тіпті қолданылмайды деуге де болады.
Қуатбек Дүйсенов әріп үйренуді бастаған балаға да жаңа әліпби ыңғайлы болатынын айтады. Бұл тілді үйретуде, білім беруде ықшамдау әрекеті болып келеді, дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы ҚР Президенті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойып, ҚР Премьер-Министрінің өкімімен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды.
Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына кезең-кезеңмен көшуінің іс-шаралар жоспары 2025 жылға дейін әзірленді. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің орфографиялық ережесі Тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдама негізінде А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының ғалымдары «Қазақ тілінің орфографиясының жаңа ережелері» жобасын ұсынды.

Толық мәтінін Gylym News you tube каналына сілтеме арқылы кіріп көруге болады:
https://youtu.be/qa92YyOmrzY

«« | »»
Соңғы жаңалықтар