Қазақстан ғылымы

1800 жыл бұрын салынған суреттер табылған

08.10.2021

2263

Тибет жеріндегі Намцо көлінің қасынан ескі жартас суреттері, тастан жасалған құралдар табылыпты. Қытай археологтары тамыз айынан бері көл маңындағы жартастарға және Тибеттің солтүстік жағындағы шөл дала жартастарына зерттеулерін жүргізген.

Ол жерден тасқа қашалып салынған суреттер, тіпті тас қабірлері мен құрбандық жәдігерлері табылған. Тарихи орындар Заши аралынан көп анықталған. Сурет салу үшін пайдаланылған бояулар минералды пигменттерден жасалған деп отыр қытайлық ғалымдар. Көбінесе қызыл түсті бояулар қолданылған.

Суреттерде сол уақыттағы тұрмыс-тіршілік, яғни аңшылық, жекпе-жек, құрбандық шалу, мал бағы, құдайға табыну сияқты басқа да көптеген көріністер бейнеленген екен. Солардың ішінде адамның беті салынған ең үлкен деген суреттің биіктігі 65 см, ені 48 см. Ғалымдар оны 1800 жыл бұрын салынған деп болжайды.

Материал https://www.inform.kz/kz/kytaylyk-arheologtar-tibette-ezhelgi-zhartas-suretteri-men-tas-kuraldaryn-tapty_a3845338 деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар