![]() |
4-курс студенті Қайрат Кеңес ҚазҰУ-дың химия факультетінде оқиды. Күн батареяларына арналған материалдарды синтездеумен айналысып жүр. Өз жобасы жайында айтары бар.
Бүгінде дүние жүзі бойынша халық санының өсуі, зауыттар мен өнеркәсіп жүйелерінің күн санап көбеюі салдарынан энергиялық қажеттілік артып келеді. Мұнай, көмір секілді дәстүрлі энергия көздері қорларының азаюы және олардың экологиялық жағынан зиянды болуы альтернативті энергия көздерінің дамуына әсер етуде. Осы ретте сарқылмайтын энергияның ең оңтайлысы күн энергиясы болып саналады.
Менің қазіргі мақсатым – отандық күн батареяларының өндірілу технологиясын құрастыру. Өндірілетін өнімнің қолданылу аясы - кіші көлемдегі ғимараттарды, техникалық құралдарды, тұрмыстық заттарды және т.б. энергиямен қамтамасыз ету. Жоба өнімі идеялық және жартылай жұмыс істеу сатысында және ары қарай даму мүмкіндіктері жоғары. Отандық жас ғалымдарға қолдау көрсетуге ынталы жандар табылса, ғылыми жобамның еліміздің дамуына ықпал ететіндігіне сенімдімін.
|
![]() |
Біздің клиентіміз Асхат Мырзабаев – студент кезінен әлемнің ең ірі инновациялық компанияларының бірі - Twitter де жұмыс істеген алғашқы қазақстандық. Университетті аяқтаған соң оның диплом жұмысын Microsoft компаниясы сатып алған. Бүгінгі сұхбатында ол «Силиконды алқапқа» қалай жолы түскенін баяндап, өзінің жетістік сырымен бөлісті.
Біздің клиентіміз Асхат Мырзабаев – студент кезінен әлемнің ең ірі инновациялық компанияларының бірі - Twitter де жұмыс істеген алғашқы қазақстандық. Университетті аяқтаған соң оның диплом жұмысын Microsoft компаниясы сатып алған. Бүгінгі сұхбатында ол «Силиконды алқапқа» қалай жолы түскенін баяндап, өзінің жетістік сырымен бөлісті.
-Жоғарғы оқу орнында қандай қиындықтар болды? - Твиттерге қалай бардың? Оларға хат жаздың ба? - Онда сен немен айналыстың? Мен жеке өзім іздеуді жетілдірумен және ұсыныс жасау жүйесімен айналыстым. Бұл жүйе қолданушыларға қызықты адамдарды оқуды автоматты түрде ұсынады. Әдеттегі қолданушы үшін мұның барлығы қарапайым нәрсе болып көрінгенімен өте қиын еңбекпен келеді. Ойлап қараңыз, жаңа техникалық шешімді шешіп отырсыз, ал, сізге секунд сайын 30 мың жаңа твит келеді. Оны көрген кезде ғана қиындығын түсінуге болады. Біз бұған дейін қолданылмаған архитектуралық шешімді пайдаландық. Твиттер бұл ретте өте белсенді компания. Мысалы мен Spider Duck деп аталатын жобамен жұмыс істедім. Қазір твиттерде Блумберг немесе Нью-Йорк Таймс сынды жаңалықтар ресурсының сілтемесмен бөліссеңіз, картина немесе тақырыптың автоматты түрде шығып тұратынын көресіз. Twitter Card-ымыз осы. 2012 жылы мұндай қызмет болған жоқ. Бастапқыда біз іске қосқан кезде, Амазон, Вашингтон Пост сынды бірнеше компания үшін ғана қолжетімді болды. Мен Андеройдқа арналған твиттер қосымшасымен де айналыстым. Бірақ, 2013 жылдың мамыр айында компанияда кетіп, Қазақстанға оралдым. -Неліктен болашағы үлкен компаниядан кетуді шештің? - Ол мақсатың орындалды. Дипломыңды Microsoft компаниясы сатып алды. Олар қызығатындай қандай еңбек жаздың? Дипломдық жұмысымда математикалық формулалар арқылы, мысалы ұялы телефонмен түсірген қарапайым фотосуреттің 3D үлгісін жасайтын алгортим жасап шығардық. Мысалы: сіз тәрелкеге, шанышқыға, қасыққа немесе шыныға қарасаңыз, қайсысы сізге жақын тұрғанын, қандай реттілікпен тұрғанын автоматты түрде білесіз. Адамның көзі осылай жасалған. Компьютерге бұлай «көру» қиын. Ол барлық затты бірдей көреді. Менің мақсатым компьютерге нысандарды реттілікпен көруге мүмкіндік беретін 3D-үлгісін жасау болды. 3D компьютерге суреттің тереңдігін түсуніге мүмкіндік беретін трингульяциалар мен арнайы алгортимдердің есебінен құрылады. Мұны бір фототүсірілімнің көмегімен жасау қиын болды. Бірақ, біз нысандар бір немесе бірнеше қатарда тұрғанда оларға жарық пен көлеңкенің түсуін есептеу арқылы өз мақсатымызға жеттік. Менің есептеу алгоритмімнің арқасында 77%-ға жуық дәлдікке қол жеткіздік. Бұл жұмыстың бір бөлігі Стенфорд университетінде жасалды және менің профессорым маған бұл жұмысқа Microsoft қызығушылық танытқанын айтты. Мен жобаны сатуға қарсы болмадым. Қазір оны Microsoft іске асыруда. Сенің кішкентай алгортиміңді әлемдегі миллиондаған адамдардың пайдаланатыны қуаныш сезімін ұялатады. - Асхат, біз сенің тек қана Силикон алқабын ғана емес 40-қа жуық шыңды бағындырғаныңды білеміз. Бұл жаңа қиындықтарды іздеу ма? Бұл қызығушылық тек қана физикалық тұрғыда ғана емес, психологиялық тұрғыда қиын нәрсе. Тауда тек биіктікті шығу ғана ауыр емес, жүктің ауырлығы, ұзақ қашықтыққа жүрумен қатар тас пен қар көшкініне әрқашан дайын болуың керек. Альпинизмді өмірмен салыстыруға болады. Сенде арнайы бағыт, яғни алдыңдағы тау бар. Әркез шыңға шығып бара жатып алдыңда не күтіп тұрғанын білмейсің. Мүмкін қалың қар бар шығар, мүмкін жоқ... Мүмкін қатты жел бола ма... Қатты аяз бола ма, болмай ма оны да білмейсің. Яғни ірқашан жаңа шешімдер қабылдау керек болады. Осы ретте альпинизим өмірге ұқсайды. Менің ең қиын шешімдерімнің барлығы шың басында қабылданды. Мысалы: саған ауа жетпей тұрғанда жылдам шешім қабылдау керектігі бар. Тауда мен көптеген достарымнан айырылдым. Шыңға шығу туралы айтсам, Қазақстанда 40 шыңды бағындырдым. Екі рет Хантәңірін, оңтүстік жағынан Ленин шыңы мен Жеңіс шыңы екеуін. Еуропада Эльбрус пен Мон Бланға шықтым. Тауда минус 50 градус суықта, ауа жоқ және желдің жылдамдығы сағатына 100 шақырым , сені алға бастырмайтын кезде, өзіңе тағы 15 шақырым шыңға өрмелей алатыныңды дәлелдей аласың. Өмірде бастысы өзіңе лайық мақсат қойып, оған жете алатыныңды өзіңе дәлелдеу. -Асхат, ол туралы айту қиын шығар. Бірақ, денсаулығыңа байланысты қиындықтар барлығын жазғаныңнан оқып қалдым... Менің өмірімде ұйықтап, таңертең тұрмай қалуым мүмкін кезең болды. Әрине, барлық адамда ондай болуы мүмкін. Бірақ менде ондай қауіп деңгейі көбірек болды. Мен алдымда әлі 60 жыл өмірім бар, қой, түнгі клубқа барып билеп қайтайын деп ойлай алмайтын едім. Мен өзім жоспарлаған нәрселерді істеуім керек уақыт барын білемін. Уақыт сәл көбірек берілсе, оны сәттілік деп санаймын. Кез-келген адамда кету немесе берілу деген болуы мүмкін. Егер кетпесең, «бағындыра» аласың. Бұл тура шың басында тұрғандағыдай сезім. - 24 жасыңда тамаша жетістіктерге жеттің, өмірің көпшілікке ұқсамайды. Өмірде көбірек жетістікке жетуге не қажет деп ойлайсың? Мен алдағы аптада не істейтінімді алдын-ала жоспарлап, күн сайын өз-өзімді дамытуға 2 сағат бөлемін. Мысалы, бүгін оқимын деп жоспарласам, кітаптың 5 бөлімін оқып, 10 бет түсінгенімді жазуым керек. Яғни алдыма мақсатқа жетудің асбтрактілі түрі емес нақты өлшемін қоямын. Мен бүгін БЕЛСЕНДІ жұмыс істеуім керек. Менің БЕЛСЕНДІ БОЛУДАҒЫ мақсатым не? Екі сағаттан істеген ісіңнің нәтижесін көре алуың керек. Сонда барып өзіңнің мақсатыңа 2%-ға жақындағаныңды білесің. Есте сақтаңыз әрбір кейінге ысырылған іс мақсатыңнан алшақтатып, дамуыңды тежейді. Менің беретін ең жақсы кеңесім-әрбір істі жоспарлау керек. Сондай-ақ маңызды нәрсенің бірі нәтиже. Егер сен кішкентай жеңіске қол жеткізсең, өзіңмен мақтана алатын нәрсе бар. Әрине сәтсіздіктер болады. Ол барлығымызда бар, ең маңыздысы одан қандай қорытынды шығаратынымыз. Дереккөзі: kaspibank.kz |
Все права защищены
©ННП 2013 - 2021

