Ғылыми жаңалықтар

Әлемдегі жылдың үздік он ғалымның қатарында қазақстандық ғалым да ілікті

23.12.2013

5767

Әлемдегі ең беделді Nature ғылыми журналы жүргізген зерттеу нәтижесінде қазақстандық ғалым Шухрат Миталипов ағымдағы жылы ғылымға мағызды жаңалық енгізген он ғалымның бірі ретінде танылды.


Шухрат Миталипов Алматы қаласында дүниеге келіп, Мәскеуде білім алған. 1995 жылдан бері АҚШ-та Орегон университетінің жасуша өзегі орталығында жұмыс істеп келеді. Қазақстандық ғалым әлемдік ғылыми ортада маймылдарды клондау ісімен аты шыққаны белгілі. Оған 2010 жылдың қыркүйегінде АҚШ-тың клиникалық сынақ жасау Комитеті адамзат тарихта тұңғыш рет адамдардың жұмыртқа клеткалары және эмбриондарына эксперимент жасауға лицензия берген болатын. Миталипов ғылыми жұмысты іске асыру барысында ең қиыны клондау барысындағы эксперимент емес, бюрократиялық сөзбұйда мен әуре-сарсаңға салушылық өзін қатты қиынғанын алға тартты.

Миталипов адамның өзінің жасушасын клондау арқылы кез келген аурудың түрін емдейтін жасуша жасап шығарғысы келген. Техникалық қиындықтардан бөлек зерттеу жұмысына эмбриондар жасап шығару үшін адамның жұмыртқа жасушаларының көп бөлігі қажет болыпты. Оның үстіне бұл бұл жасушалар зерттеуден соң өліп қала берген. Ол өзекті жасушаларға зерттеу жасау үшін Биомедицина этикасы кеңесі мен бақылау комитетінің мақұлдауы тиіс-тұғын.

Бірақ Ш.Миталипов алған бетінен қайтпай, жаңа зертханаға қол жеткізген болатын. Өйткені АҚШ заң бойынша зерттеу жұмысы фдерералды бюджеттен қаржыландырылатындықтан жасушалар университет лабораториясынан басқа жаққа шығарылмайды.

Жаңа жыл мерекесіне қарай оның зертханасында төрт жасушалы желі донорлық жұмыртқа жасушаға ядролық тәсіл арқылы клондалды. Ғалым осыншалықты қиын жұмысты жасауға өзінің бірнеше жылын арнағаны белгілі. Оның айтуынша, бұл салада бәсекелестік аз болған. Өйткені жасап жатқан зерттеуіңді қатаң бақылауға алады. Бұл оның әріптестеріне ұнамаған, оларды шошытқан.

Сондай-ақ, ғалым анадан балаға берілетін митохондриялық ауру түрлерін болдырмаудың әдісін де ойлап тапқан. Бүгінде бұл ұсынысы АҚШ билігінің қарауына тапсырылған, егер қолдап жатса клиникалық сынақты бастап та кетуге сақадай сай.

2013 жылдың ең үзідік он ғалымының қатарында АҚШ-тың Массачусетс технология институтының (MIT) нейробиологы Фэн Чжан ( Feng Zhang) енді.

Ол адам генетикасын жан-жақты зерттеп, генетикалық аурулардың емдеуге күш салып жүрген тәжірибелі генетика ретінде әлемге танымал. Бұдан басқа ВИЧ ауруына шалдығып, дүние есігін ашқан жас сәбиді емдеген майталман вирусолога Дебору Персоны да ( Deborah Persaud) үздік он ғалымның қатарында. Сондай-ақ, H7N9 құс тұмау вирусын ауыздықтаған Қытайдың әйгілі вирусологы Хуалань Чень (Hualan Chen) мен Kepler-78b экзопланетасын ашқан швейцариялық астронома Мишеля Мэйора да үздіктердің қатарынынан орын алыпты.

Мәлімет көзі: http://tengrinews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар