Қазақстан ғылымы

Дала жадырағы Еуропада жайланыпты

05.03.2022

2566

Жас әрі тәжірибесіз балапан құстар өз қыстауларынан алыс жерлерде тұрақтап қалады дейді мамандар. Ағылшын ғалымдары күзде жер ауыстыруға шыққан кейбір құстардың қыстауына жете алмай жол-жөнекей жаңа паналау орнын пайдалануы жаңа қоныстың пайда болуына алып келеді деп, 2003 жылы жорамалдаған көрінеді. Осы уақытқа дейін оған нақты дәлел болмаған.

Бірақ, өткен жылдың соңында жарияланған жұмыста француз орнитологтары мысал ретінде дала жадырағын (Anthus richardi) мысалға ала отырып, ағылшын орнитологтары Джеймс Гилрой мен Александр Листің гипотезасын растады. Азияның солтүстігінде ұя салып, қыстайтын құстың осы түрі Еуропаның оңтүстігінде қыстап шыққан. Оған ауа райының жылып кетуі себеп болған.

Дала жадырағы (лат. Anthus richardi) – торғайтәрізділер отрядының Шақшақай тұқымдастарына жататын жыл құсы. Қазақстанның шығысында, Іле өзенінің жоғары ағысы мен оған көршілес жатқан таулы аймақтарда, Тарбағатайда, Зайсан көлі маңында кездеседі. Түсі дала бозторғайына ұқсас. Дала жадырағының ұзындығы 18 см-дей, салмағы 30 – 35 г, құйрығын елпілдетіп ұшатын болғандықтан, кейде «елпекей» деп атайды. Қазақстанға сәуірдің аяғында ұшып келіп, қазанның басында Үндістан түбегіне ұшып кетеді. 5 – 6 жұмыртқасын жердегі ұясына салады. Мекиені балапанын 10 – 11 күнде басып шығарады. Дала жадырағы негізінен омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді (https://kk.wikipedia.org/).

Дегенмен, дала жадырағын Францияның, Испания және Италияның оңтүстігінде кездестіруге болады екен. Ғалымдар оларды жолынан адасқан құстар деп түсіндіреді. Не үшін былай болғаны әзірге белгісіз. Әдетте қолайсыз, жаңа жағдайға тап болған құстар жойылып кетеді. Ұсақ құстар үшін тіпті қауіпті. Олар ең көп дегенде 1-2 жыл ғана өмір сүреді екен. Француз ғалымдары дала жадырағын зерттеп, олардың санының соңғы 40 жылда 1981-1993 жылдары 3-6-дан 144-ке дейін өскенін анықтаған.

Материал https://www.cell.com/current-biology/fulltext/S0960-9822(21)01354-3 деректері бойынша дайындалды.




«« | »»
Соңғы жаңалықтар