EXPO-2017

Антарктидада тарихтағы ең суық температура тіркелді

09.12.2013

4579

Антарктидадағы жапониялық «Купол Фудзи» зерттеу станциясында ауа температурасы Цельсий шкаласы бойынша минус 91,2 градусты көрсетіп, жаңа рекорд орнатты. Жер бетінде бұрын-соңды мұндай төмен температура болмаған дейді ғалымдар - деп хабарлады baq.kz

Ауа-райы өлшемін жер серіктері берген мәліметтерге сүйене отырып америкалық қар мен мұзды зерттеу орталығы анықтаған. Мамандардың мәліметінше, температураның рекордтық көрсеткіші теңіз деңгейінен 3720 метр биіктікте, желсіз, жауын-шашынсыз кезде орын алыпты.
Бұған дейін ең суық температура 1983 жылы тіркелген болатын. Ол кезде "Восток" кеңестік зерттеу орталығының маңында термометр Цельсий шкаласы бойынша -89,2 градусты көрсеткен еді.

Ақпарат көзі: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар