Өзектi

Найзағайды зерттеудің қандай пайдасы бар?

25.11.2019

3445

Найзағайды бақылау саласындағы ғылыми-зерттеулердің маңызы зор. Бұл бағыттағы зерттеулердің ғылыми-қолданбалы қырынан басқа күнделікті өмірде кездесетін өзекті мәселелерді шешуде және экономиканы көптеген салаларын дамытуда өзінің септігін тигізеді. Ең бастысы найзағайды бақылау саласы қауіпсіздік саласында маңызды роль атқарады.
Таяуда Қазақстанның Ғарыштық зерттеулер және технологиялар институты мен Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы найзағайды бақылау және атмосфера-литосфералық зерттеулердің байланысына қатысты электромагниттік өлшем жүйесін әзірледі.
Бұл бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмысы алғаш рет Тянь-Шань тауының солтүстік аумағын қамтығанын айта кетуіміз керек. Ғылыми-зерттеу жұмысына еліміздің оңтүстік-шығыс аумағында орналасқан 8 станса қатысқан. Бір-бірінен 100-200 шақырым қашықтықта орналасқан стансалар электрлі-магниттік антенамен, электрлі-магниттік кернеуді тіркейтін және GPS-антеналармен жабдықталғанын айта кетуіміз керек..
Осылайша ғылыми-зерттеу жұмысы кезінде радиусы 1000 шақырымды қамтитын аумақта найзағай зарядтарының орын алған жері мен уақыты бақылауға алынған.
Ғылыми-зерттеу жұмысы кезінде қол жеткізген нәтижелер төмендегі салалар бойынша қолдануға болады.
Метеорология (адам өмірі мен мүлікті қорғау, климаттың өзгеруіне бейімделу).
Төтенше жағдай (табиғи апаттардың салдарын төмендету т.б).
Энергетикалық қауіпсіздік (электр желілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, апаттық жағдайда электр қуатын тоқтатуды ақпараттандыру).
Өндірістік нысандар (мұнайгаз және тау-кен өндірісі саласындағы кәсіпорындары қатты найзағайлы дауылдан күнібұрын сақтандыру).
Инфрақұрылымды жоспарлау (найзағайлы дауыл мен нөсер жауынға қатысты статистикалық мәліметтерді жүйелеу, найзағайдан қорғану жүйесін қалыптастыру)
Авиация (ұшу қауіпсіздік пен әуедиспетчерлерін ақпараттандыру).

«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар