Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институты Шәуілдір суармалы алқабының топырақтарының ақпараттық жүйесін жасады
Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институтының ғалымдары б.ғ.к. А.Отарованың жетекшілігімен Шәуілдір суармалы алқабының сол жағалауы бөлігінің ақпараттық жүйесін (ГАЖ) жасады және топырақтардағы ауыр металдардың мөлшерін бағалап, алқаптағы басымдығы жоғары ауыр металдарды анықтады.
Зерттеу жұмысы топырақ зерттеудің дәстүрлі жер бетілік әдістерін, ГАЖ әдістерін және топырақты картографиялау тәсілдерін пайдалана отырып жүзеге асырылды.
Зерттеу нәтижесінде зерттелген металдардың ішінде кадмийде жер қабығы кларкынан айтарлықтай жоғары болуымен ерекше екендігі анықталды, КК 21,8±0,39 тең. Апах қабатында ең көп жинақталатыны кадмий мен никель, олардың жинақталу коэффиценті сәйкесінше 1,3±0,25 және 1,2±0,13 құрады. Миграция қарқындылығының шамасы бойынша кадмий мен қорғасын ерекшеленеді. Оларда Рх сәйкесінше 45,2±2,40% және 32,3±5,56%-ға тең. Ал маусымдық суға бастырылатын топырақ жағдайында ең пассивті мигрант мырыш болып шықты, оның Рх 4,3±0,10%-ға тең. Қауіптілік коэффиценті бойынша экологиялық ең қауіпті ауыр метал кадмий мен никель болып табылады. Олардың мөлшері РШК-тен сәйкесінше 5,7±0,25 және 1,9±0,03 есе жоғары. Қауіптілік коэффиценті бірге жақын (0,8±0,02) мыс та қауіпті.
Сонымен қатар, топырақтарды суару процесі кадмийдің, қорғасынның және әсіресе никельдің жылжымалы формасының үлесінің жалпы артуына алып келеді, ал мыстың және мырыштың жылжымалы формасының үлесі керісінше төмендейді.
Топырақтағы ауыр металдардың мөлшері бойынша дайындалған карталардың талдауы, зерттелген аумақтың барлығын кадмий және никель мөлшері бойынша РШМ асып түсетін топтар алып жатыр. Осыған қарап, бұл металдарды үнемі мониторинг жүргізуге тиісті басымдығы жоғары элементтердің тізіміне енгізілді және осы металдармен ластанған топырақтарды ластанудан тазарту тәсілдері әзірленді.
«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі