Май өнеркәсібі қалдықтарынан мұнай-газ саласына қажетті жаңа өнімдер алынды
10.08.2018
7054
«Май өнеркәсібі қалдықтарынан мұнай-газ саласына қажетті жаңа тиімді материалдар алу технологиясын әзірлеу» (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) бағдарламасының нәтижесінде тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ негізінде мынадай өндіріс технологиялары әзірленді:
-нанотүрлендірілген деэмульгаторлар;
-май өнеркәсібі қалдықтары негізінде депрессорлық қоспалар
-мұнай-газ құбырларын қорғайтын көп қабатты тоттануға қарсы жабындар;
- бактерицид-ингибитор-бейтараптандырғыштар;
- пластикалық май және қоспалар;
- кепілдеме беретін композициялық қоспалар;
- ұңғымаларды өшіру және күрделі жөндеуге арналған сұйықтықтар (рецептура).
"ҰМҒТСО" АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі
| «« | »» |