Өзектi

Байқоңырдан «Ангосат» ғарыштық аппарат сәтті ұшырылды

27.12.2017

4376

Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 01:00-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Зенит-S2Б» зымыран тасығышпен «Ангосат» ғарыштық аппараты штаттық режимде ұшырылды.
Ұшыру «Байқоңыр» ғарыш айлағының 45-алаңынан «Зенит-СМ» зымыран тасығыштың старт кешенінен (№1 ұшыру қондырғысы) жүзеге асырылды.
«Ангосат» ғарыштық аппарат Ангола Республикасы және бүкіл Африка континентін C- және Ku-диапазондар жиілігінде теледидармен қамтамасыз ету үшін құрастырылған геостационарлық жерсерік болып табылады.
Спутник Ангола Республикасы Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінің тапсырысы бойынша «С.П. Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыштық корпорация» Бұқаралық акционерлік қоғамымен жасалынды.
«Ангосат» жобасы ретрансляторы бар байланыс спутнигін құрастыру, оны геостационарлық орбитаға ұшыру және байланыс пен телевизиялық таратудың жерүсті инфрақұрылымын жасауды қарастырады.
«Ангосат» ғарыштық аппаратының белсенді өмір сүрудің кепілді мерзімі – 15 жыл, оның салмағы – 1685 кг.
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан Ғарыш аппараттарын ұшырудың бекітілген жоспарына сәйкес бұл ұшырым осы жылдағы соңғысы еді.
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркісібі министрлігінің баспасөз қызметі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар