Өзектi

Бағасы арзан көміртекті-полистиролді сорбент алынды

20.12.2017

4492

Өзіндік құны төмен көміртекті наноқұрылымды көпфункционалды материалдар алынды деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі. Жобаны қолға алған Жану проблемалары институтының доценті, х.ғ.к. М.И. Төлепов.
Зерттеу барысында құрамында целлюлоза және лигнині бар мұнай төгінділері зерттелді. Жоба бойынша 29 мақала, оның 11-і шетелдік басылымдарда (6-ы нөлдік импакт-фактормен) жарық көрді, сонымен қатар ҚР 2 патенті бар. Көміртекті-полистиролді сорбент GlobalRealty ЖШС-дан өнеркәсіптік сынақтан сәтті өтті.
Органикалық және органикалық емес материалдарды қолдану, қоршаған ортада кездесетін немесе өнеркәсіптік үдерістер барысындағы қосымша өнімдер қоршаған ортаның қауіпсіздігін сақтайды және қамтамасыз етеді. Алынған көміртекті-полистиролді сорбент (21% күріш қауызы) өндірісте пайдаланылса жақсы нәтиже беретіндігін көрсетті. Құрамында химиялық байланыстырушы зат болмағандықтан және бір сатылылық үдерісі экологиялық тазалық технологияны жасап шығаруды және өзіндік құны төмен сорбент өндіруді қамтамасыз етеді. Сорбенттерді ілеспелі өндіру мұнай өндіру аймақтарында экологиялық қауіпсіздікті сақтайды.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар