Өзектi

Scopus және Science direct базасына 263 ғылыми мекеме қосылды

02.11.2017

5600

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асланбек Амрин өзінің Фейсбуктағы парақшасында 1 қазаннан бастап қазақ ғалымдары үшін Elsevier компаниясының Scopus және Science direct ғылыми мәлімтеттер қорына еліміздегі 263 ғылыми мекеме қосылғанын қуана хабарлады.
Science direct (http://www.sciencedirect.com/) дүниежүзіндегі ең ірі ғылыми мәліметтер базасы болып саналады. Мамандардың айтуынша, аталған ғылыми мәліметтер базасында жоғары импак-факторлық көрсеткішке ие ғылыми журналдар мен ғылыми кітаптар топтастырылған. Қазақ ғалымдары ондағы басылымдарға ғылыми мақалаларын жариялап, орташа көрсеткіш бойынша 7,2 сілтемеге ие болған болатын. Science direct базасында 2012-2016 жылдар аралығында біздің ғалымдарымыз 549 ғылыми мақала жариялап, отандық ғылымның өрісін кеңейткенін атап айтуға болады.
Сол сияқты Scopus (https://www.scopus.com/) мәліметтер базасында ғылымды дамытудағы маңызды ғылыми дерекқор болып саналады.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар