Д.В.Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия ҒЗИ ғалымдары лас суды тазартудың жолдарын зерттеді
Д.В.Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия ғылыми-зерттеу институтының Г.Н.Ибарагимовтың жетекшілігімен ізденуші-ғалымдар темір мен алюминийдің каогулянт реагентін қолданып лас суды тазартудың жолдарын зерттеді, – деп хабарлайды «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның Қоғаммен байланыс бөлімі.
Бүгінде еліміздегі су бассейндерінің ластануы өзекті экологиялық мәселелердің бірі екені анық. Өндірістік қалдықтармен бірге ауыр металдардың тұздары және органикалық заттар өзен көлдерге соның ішінде ауыз суға біртіндеп қосылып жатқанын байқамаймыз. Сол себепті еліміздегі ғалымдар суды әр түрлі дисперсті жүзгіндер мен еріген қосылыстармен тазартудың технологиясын жетілдіріп келеді.
Қазіргі уақытта суды тазартудың заманауи жетілдірілген тиімді әдістердің бірі арнайы реагент каогулянттарды қолдану болып табылады.
Коагулянттар бір заттың өте майда бөлшектері бар лас суға яғни сұйық ортаға еңгізілген кезде коагуляция, яғни осы бөлшектердің жабысуын іске асыратын зат.
.jpg)
Д.В.Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары осы замануи тәсілді қолданып, темір мен алюминий негізінен тиімді реагенттер алудың технологиясы мен әдіс тәсілдерін жасады.
Ғылыми жұмыстың мақсаты – металл қалдықтарынан суды тазалау технологиясында коагулянт ретінде пайдалануға болатын темір, алюминий және аралас темір-алюминий тұздарының қосылыстарын синтездеудің жаңа электрохимиялық әдістерін жасау болып табылады.
Бұл жұмыста циклдік поляризациялық қисықтар түсіру арқылы темірдің қышқылды ерітінділерде еруінің механизмі және кинетикасын зерттеу бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары кеңінен қолданылғанын айта кетуіміз керек. Қышқылды, бейтарап орталарда және сульфатты, хлорқұрамды электролиттерде стационарлы емес ассиметриялы, имплусты және айнымалы токтармен поляризациялай отырып темірдің қосылыстарын (темір (II) сульфатын, темір (II) хлоридін, және темірдің (II) гидроксидін) алу әдістері жасалынған.
Осылайша отандық ғалымдар алюминий мен темір қосылыстарын қышқылды ерітінділерде электрохимиялық тәсілмен еріту арқылы синтездеу әдістері ұсынып отыр. Ғылыми жұмыс барысында қышқыл ерітінділерде темір (II) сульфатын, темір (II) хлоридін алудың максимальді түрде тиімді шарттары анықталған. Тұз қышқылы ерітіндісінде (HCI) темірдің жоғары ТШ-мен еритіндігі анықталды, яғни 68 %-ға дейін жоғарылаған. Ал күкірт қышқылы ерітіндісінде (H2SO4) 100 %-дан жоғары болатыны мәлім болды.
_copy(11)_copy(12)_copy(13)_copy(14)_copy(15)_copy(16)_copy(17).jpg)
Осылайша институт ғалымдары айнымалы электр қуатымен поляризациялау арқылы аралас коагулянттарды алудың электрохимиялық заңдылықтары зерделеніп, олардың түзілуінің оңтайлы жағдайлары анықталды. Сондай-ақ, аралас коагулянттың (Al/Fe) коагуляциялық қабілеттері кеңінен зерттелгенін айта кетуіміз керек. Ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін болашақта ағынды лас суларды тазартуға кеңінен пайдалануға болады.