Ғылыми жаңалықтар

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ арпа мен сұлының жаңа сортын дайындап шығарды

13.03.2017

5357

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдары дәстүрлі селекциялық тәсілдердің негізінде жоғары сапалы арпа мен сұлының жаңа сортын дайындап шығарды, – деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Ғалымдар өздерінің ғылыми жұмыстарын жүргізу барысында дәстүрлі классикалық селекция тәсілдерімен бірге биохимия, биотехнологияның молекуларлы генетика тәсілін және физология мен иммунологияның заманауи озық әдістерін қолданғанын айта кетуіміз керек. Сұлының жаздық және күздік сортын жан-жақты зерттеген институт ғалымдары дәнді-дақылдың азықтық және сыра қайнатуға бағытталған жаңа сортын ойлап тапты. Жаңа сорт осыған дейінгі сорттармен салыстырғанда өнімділігін де байқатқан. Сонымен қатар өзге елдерге экспорттауға да мүмкіндігі зор болып тұр.
Тағы бір айта кететін мәселе, ғылыми-зерттеу жұмысы барысында ғалымдар өздері ойлап тапқан сұлының жаңа сорты сабақты, дәні тез пісетін және түрлі ауыруларға бой алдырмайтынымен ерекшеленгенін байқаған.
Маңызды ғылыми жұмыстың нәтижесінде ғалымдар 2012-2014 жылдары аралығында 113,6 тонна сапалы тұқым алған. Осылайша ғалымдарымыз арпаның Арна, Куралай, Кымбат, Сусын, Север-1, Сымбат, Қлар, Қаз-Суффле-1, Сәуле, Ақжол, Жан, Бірлік-20, Айдын деп аталатын жаңа сорттарын, ал сұлының Дөнен, Жорға, Аламан, Бәйге деген сорттарын дайындап шығарды.
Жалып, ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде 3 авторлық куәлік, 10 патент және ұзын саны 32 жететін ғылыми мақалалар жарияланған.
Арпаның өнімділігін гектарына 74/55 центнерге дейін артса, ал сұлының шығымдылығы гектарына 74/50 центнерге дейін ұлғайған.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар