Ғылыми жаңалықтар

Есік дөңгелек пен пайдаланылған мотор майының пайдасы

17.01.2017

5047

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың техника ғылымдарының докторы, профессоры Ж.А. Алыбаев мотор майы мен ескі көлік дөңгелектерінен жолға төсейтін асфальтбетон дайындап шығарды, – деп хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Университет ғалымдары термиялық технологияны қолдана отырып, мұнай битумын, ұсақталған резіңкені және мотор майын араластырып жолға төсейтін материал алды. Іс-тәжірибе барысында битумның құрылымы өзгеріп, берік иілгіштік қасиет пайда болған. Тотыққан тұтастырушы компонеттер өндірістік битумның беріктілігін арттырып, асфальтбетон дайындауға мүмкіндік туғызғанын айта кетуіміз керек.
Жоба авторлары жаңа жабынды жасауға ескі көлік дөңгелектерді, пайдаланылған мотор майлары және өндірістік мақта майының қалдығын пайдаланып, экологиялық мәселені шешуге болатынын алға тартты.
Қазіргі таңда жаңа технологияның өндірістік-тәжірибелік нұсқасы Алматы мен Алматы облысының көлік жолдарына қолданылып, сынақтан өтуде. Жоба өзінің тиімділігін көрсеткен жағдайда еліміздегі жол құрылысы саласына еңгізілмекші.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар