Ғылыми жаңалықтар

Тұрғын үйлерге арналған күн батареялары таныстырылды

06.01.2017

4760

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Экспериментальді және теориялық физика ҒЗИ» ғалымдары қала жағдайына бейімделген, белгіленген аумақты өздігінен тазалап, ауаны ылғалдандырып, шаңды жинайтын резервті фотоэлектрикалық генераторды таныстырды, - деп хабарлайды «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі. Жобаның жетекшісі – т.ғ.к., доцент Л.В. Михайлов.
Жоба авторлары күн панелін тұрғын үй немесе әкімшілік ғимараттарының алдына қобды ұсынады. Энергияны тұтынушы құрылғының режимін өзі үйінің терезесін ашып-ақ ауыстыра алады, мысалы, жаз-қыс режимі секілді. Аталмыш жүйе қоршаған ортаның қандай да бір бүлінуінен, батпақтан немесе шаң-топырақтан таза болады. Себебі күн батареяларының беткі қабаты өздігінен тазаланып тұрады. Сонымен қатар, фотоэлектрикалық құрылғы қыс мезгілдерінде қосымша ғимараттағы жылылықты сақтап тұрады және күн батареялары жаз мезгілінде күннің қызуынан қорғайды.
Бүгінде жобаның алғашқы нұсқасы дайындалып, құрылғының нобайы, тәжірибелік бір данасы жасалып, құжаттары дайындалды.

Дереккөзі: «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар