Өзектi

ҚазҰТЗУ ғалымдары мұнай мен газ кеніштерін игерудің жаңа тәсілін ойлап тапты

27.12.2016

4966

Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ғалымдары мұнай мен газ кеніштерінде жазық және еңкіш бағыттағы ұңғыма орнатып көмірсутек өндірудің жоғары технологиялық жобасын дайындады деп, – деп хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Университет ғалымы, физик және математика ғылымдарының кандидаты Б.Ж. Сағындықов жетекшілік жасаған ғылыми жоба іс барысында өзінің тиімділігін ерекшеленген. Мамандардың пайымдауынша, ғылыми-зерттеу жұмысы Бирченконың сараптамалық моделіне негізделініп жасалыныпты. Жаңа тәсіл бойынша қондырғы арқылы өтетін көмірсутекті реттеп, қажет кезінде басқа қондырғымен де байланыстыруға болады екен.
Жоба авторы өзі ойлап тапқан технология қарапайымдылығымен ерекшеленетінін тілге тиек етті. Ең бастысы жаңа технология кез келген ұңғымаға оңай орнатуға болатынын айта кетуіміз керек.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар