Өзектi

ҚазҰТЗУ шу мен дірілді бәсеңдететін жаңа металл дайындап шығарды

23.12.2016

5207

Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дің ғалымы демпфирлік қасиетке ие, яғни, шу мен дірілді бәсеңдететін жаңа құйма дайындап шығарды, – деп хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Мемлекеттік ғылыми кеңестің назарына ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмысына техника ғылымдарының докторы, профессор Д.К. Сүлеев жетекшілік жасаған.
Жаңа құйманы темір және марганец, хром, церий, никель қоспалары негізінде дайындағынын айта кетуіміз керек. Құйманы бірқатар кәсіпорындарда сынқатан өткізіп, оның жоғары демпфирлік қасиетке ие екеніне көз жеткізген. Жаңа құйманы алдағы уақытта өндіріс орындарындағы шу мен дірілді бәсеңдету үшін кеңінен қолдануға болады.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар