Ғылыми жаңалықтар

Сүт қышқылы өндірісіне аса қажет тәсіл

21.12.2016

4715

Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары сүт қышқылы өндірісінде пайдаланылатын ашытқыға қарағанда белсінде, саңырауқұлақ зеңіне қарсы тұратын жаңа бактерияы тапты, – деп хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Ғылыми жұмысқа институт ғалымы биология ғылымдарының кандидаты К.М.Кебекбаева жетекшілік жасаған. Ғалым алғашқыда сүт қышқылы бактериясының популяциялық ерекшелегін мұқият зерттеп, оны тіршілікке қолайлы ортада зең саңырау құлаққа қарағанда белсенділігін байқаған. Бұдан кейін ізденуші сүт қышқылы бактериясының белсенді бес түрін жектеп, олардың қасиетін зерттеген.
Осылайша Микробиология және вирусология ҒЗИ ғалымы тамақ өнеркәсібінде, соның ішінде сүт қышқылы өндірісінде қауіпсіз ашытқы мен түрлі биопрепараттар дайындауға қажет бактерияны анықтады.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар