Механика және машинажасу инстиуты ғалымдары түрлі манипуляторға икемді жетек ойлап тапты
Ө.Жолдасбеков атындағы Механика және машинажасу инстиуты ғалымдары түрлі манипуляторға икемді жетек ойлап тауып, оның математикалық модельін жасап шығарды деп, – хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Жаңа құрылғыны жасап шығаруға техника ғылымдарының кандидаты Б.Т. Төлтаев жетекшілік жасаған.
Ол жаңа жетектің тиімді энергетикалық схемасын ойлап тапуып, әріптестерінің назарын өзіне аударған. Түрлі манипуляторға пайдалануға икемді жетек шектен шыққан жүктеме жағдайында да еш қиындықсыз жұмыс істейтінімен ерекшеленеді.
Ғалымның схемасына көз салған адам жеткітің жұмыс істегінеде негізінен салмақ тісті доңғалақтарға түсетінін байқайды. Бұл өз кезегінде жетектің жүктеме көбейгенде де еркін жұмыс істеуін септеседі. Ғылым жаңа құрылғыны кинематикалық және жүктемелерді арттырып сынақтан өткізгенде жаңа құрылғы өзінің тиімділігін көрсеткен.
Сонымен қатар қазақстандық ғалымның ойлап тапқан жаңа жетегі арзан, әрі қарапайымдылығымен жұртшылықтың назарын өзіне аударғанын айта кетуіміз керек.