Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымы политетрафторэтиленнің негізінде композит алудың жолын тапты. Ғылыми жобаға жетекшілік жасаған ҚазҰУ профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы К.БТілебаев ғылыми-зерттеу жұмысы барысында политетрафторэтиленнің түрлі қосындыларымен әрекеттесуіне тәжірибе жасаған. Бұл жайында «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі хабарлайды.
Ол ғылыми-зерттеу жұмысы кезінде ғалым политетрафторэтиленді микрондық және наноөлшем деңгейінде ұнтақтаудың технологиясын ойлап тапқан. Дәл осы технологияны оған қосылатын радиациялық компоненттерге де (политетрафторэтилен, көміртек, полиэфир т.б) пайдаланып, ұнтақтатған. Бұдан кейін ізденуші терең өңдеуден өткен өнімге полиэфир шайрын араластырып, зертханалық жағдайда полидисперслік ұнтақтың алғашқы партиясын жасап шығарыпты.
Өз кезегінде ғалымдар полиэфир шайры қосылған полидисперслік наноұнтақ (композит) экологиялық таза және жаңа физикалық-химиялық қасиетке ие жаңа өнім екенін айтып, өз бағаларын берді.