Қазақ Ұлттық агарарлық университеті ғалымы ауыл шаруашылығыда бір жылда екі рет өнім алуға болатын технологияны ойлап тапты
Қазақстанның климаттық жағдайында бір жылда екі мәрте өнім алу бұрын-соңды болмаған еді. Енді бұл мүмкін болып отыр. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ғалымдары осы бағытта еңбек етіп, бір жылда екі мәрте өнім алудың технологиясын ойлап тапты, - деп хабарлайды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылығы саласында үлкен жаңалық болған технологияны дайындауға Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің профессоры, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы Т.Атақұлов жетекшілік жасағанын айта кетуіміз керек. Ғалым ғылыми іс-тәжірибелік жұмыстарды Алматы облысының таулы аймағында жүргізген.
Бірінші кезекте ғалым ауыл шаруашылық дақылы сұлы мен сиыр жоңышқаны егетін қолайлы аймақты таңдап алып, ерте көктемде сепкен. Бұдан кейін қажетті агортехникалық күтімді дәл уақытында жасаған соң, қос дақыл ерте өсіп жетілген. Алғашқы орақ кезінде әр гектардан сиыр жоңышқасы 332 центнерден өнім берсе, сұлы гектарына 15-20 центнерден айналған. Өз кезегінде ғалым жаңа технологияны қыш, рапс, асбұршаққа да пайдаланып, бір жылда екі рет өнім алуға болатынын алға тартуда.
Алдағы уақытта ғалымның ойлап тапқан технологиясын еліміздегі шаруашылықтар арасында кеңінен таратудың мәні зор.
«ҰҒТАО» АҚ Баспасөз қызметі.