Өзектi

ОҚО ғалымдары екінші рет инсульт алудан сақтайтын профилактикалық іс-шаралар тәсілін ойлап тапты

30.09.2016

5030

Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік фармацевтикалық академиясының ізденуші-ғалымдары мидағы қан алмасуы бұзылған және инсульт алған 182 адамға бақылау жасап, мидағы қан айналымының бұзылуын емдеуді жаңа тәсілін ойлап тапты. Бұл жайында «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы Баспасөз қызметі хабарлайды.
Медицина мамандары облыстық клиникалық ауруханасында инсульт бөлімінде жатқан науқастарға ем-шаралар жүргізіп, миына қан құйылған адамдарды емдеудің тиімді жолын әзірледі. Ғылыми жобаға медицина ғылымдарының кандидаты, доцент А.А. Әлдешев жетекшілік жасағанын айта кетуіміз керек.
Ем-шара жұмыстарын жүргізген мамандар миына қан құйылып төсекке таңылған адамдардың тез арада оңалып, күнделікті өмірге қайта оралуы үшін бар күш-жігірін жұмсаған. Өз кезегінде дәрігер-ғалымдар адамдардың екінші рет инсульт алмауы үшін арнайы профилактикалық іс-шаралар жоспарын әзірлеген. Сонымен қатар науқастардың психологиялық жағдайын жан-жақты зерттеп, олардың өмірге деген құштарлығын арттыруға күш салғанын айта кетуіміз керек.
Нәтижесінде бір рет миына қан құйылып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген жандардың екінші рет инсульт алуы айтарлықтай төмендеген. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік фармацевтикалық академиясының мамандары әзірлеген профиалктикалық іс-шаралар жоспары облыстық клиникалық ауруханада кеңінен қолданылып, өз нәтижесін бере бастаған.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар