Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Қазақсатан көмірінен топырақты тыңайтатын жасанды қарашірік алуды жолын ойлап тапты. Бұл жайында «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Баспасөз қызметі хабарлайды. Ғылыми-зерттеу жобасына химия ғылымдарының докторы, профессор Ж.К.Қайырбеков пен химия ғылымдарының доценті В.С. Емельянова жетекшілік жасаған.
Ғалымдар қарашірікті натрий мен калий тұзы қышқылын пайдалана отырып алған. Осылайша олар жасанды қарашірік арқылы жердің топырақ қабатындағы биохимиялық үрдістерді тездетіп, шаруалардың мол өнім алуына мүмкіндік туғызып отыр.
Ғылыми жұмыс барысында Қазақстанда шығатын көмірдің шірінді қышқылынан арнайы сорбент алып, оны жер қыртысындағы өзге де заттармен белсенді түрде әрекеттесетініне көз жеткізген.
Осылайша қазақ ғалымдары өз ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жылына 30 000 тоннаға дейін шіріндіні препараттар алудың техникалық-экономикалық негіздемесін жасап шықты. Шірінді препараттарды іс-тәжірибе барысында сынақтан өткізгенде, топырақтың құнарын арттыруда өзінің тиімділігін көрсеткенін айта кетуіміз керек.