Ғылыми жаңалықтар

Қазақ ғалымдарының қауіпсіз атом энергетикасын дамытуға қосқан үлесі

09.09.2016

5075

Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығының ғалымдары атом энерегтикасы саласы бойынша реакторларда нейтрондарды қауіпсіз пайдаланудың тың тәсілін ойлап тапты. Бұл жайында «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы Баспасөз қызметі хабарлайды.
Атом энергетикасы саласындағы маңызды ғылыми жобаның жетекшісі физика-математика ғылымдарының кандидаты А.Д. Вурим.
Ғылыми жобаны басты мақсаты рекаторда (натрий толтырылған бассейін) нейтрондардың өзара қалай әрекеттесуі және реактордың ішіндегі арнайы эксприменттік құрылғыда ядролық отын болатты қалай балқытатын бақылау болған еді. Осылайша қазақстандық ғалымдар реакторлардың қауіпсіз қызмет етуін арттыруды көздеген-ді. Ғылыми-зерттеу жұмысының барысында ғалымдарымыз көңіл қуантарлық нәтижеге қол жеткізген.
Олар ғылыми жобаларын раектор мен реакторға жатпайтын арнайы қондырғыларда жүргізіп, қондырығының ішіндегі арнайы түткішелердің қай уақытта балқитынын, түтікшемен балқыған заттардың қандай жылдамдықпен ағатынын анықтаған. Осылайша мамандар атом энергетика саласында реакторлардың қауіпсіз жұмыс істеуінің сырына қаныға түскен.
Болашақта қазақстандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері АЭС-тер салғанда назарға алынатын болады.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар