Ғылыми жаңалықтар

Қазақ ғалымы жерді органикалық жолмен тыңайтудың тәсілін тапты

06.09.2016

5072

Қазақ жер өңдеу және өсімдіктану ғылыми-зерттеу инстиутының ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты М.Б. Бекбатыров жерді органикалық жолмен өңдеудің оңтайлы тәсілін тапты, деп хабарлайды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Кез келген мәдени дақылды өсіргенде жердің беткі қабатында сабақтары ал жер астыңғы қабатында тамыры қалатыны бәріміз білеміз. Қазақ ғалымы осы қалдықтарды басқа өсімдіктерге тыңайтықыш ретінде пайдаланудың тың жолын ұсынып отыр. Ол агротехникалық талаптарды сақтап үш жыл бойы жоңышқа өсірген жер айтарлықтай тыңайып, басқа дақылдардың өнімді өсуіне жол ашатынын анықтаған.
Жердің жағдайына байланысты бір гектар жерге егілген жоңышқадан бір шабыста 60-120 центнерге дейін шөп алуға болатынын білеміз. Бірақ көпшілігіміз жоңышқа үш жылдың ішінде жерді қаншалықты тыңайтатын білмейміз. Қазақ жер өңдеу және өсімдіктану ғылыми-зерттеу инстиутының қызметкері болса, жерді табиғи жолмен өңдеудің оңтайлы тәсілін жер емген шаруаларға көрсетті.
Ол бір жыл жоңышқа өскен алқапты мұқият зерттегенде, осы уақыт аралығында әр гектар жерде 13-17 тоннаға дейін органикалық заттар түзілетінін анықтаған. Оганикалық заттардың құрамында 280-300 келі азот, 63-80 келі фосфор, 66-120 келі калий кездескенін де айта кетуіміз керек. Оылайша жер табиғи жолмен тыңайып, мол өнім алуға болады.
Ғалым сонымен қатар өзге де мәдени дақылдардың жерді қалай тыңайтатынын зерттеген. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде бір жылда қысқы бидай – 9,1 т/га, қант қызылшасы – 6,0 т/га, соя – 8,8 т/га, жүгері – 12,0 т/га органикалық затты жерге сіңіретіні көз жеткізген.
Түрлі мәдени дақылдардың көмегімен тыңайтылған жерлерге дақылдарды алмастырып еккенде – қысқы бидайдың өнімділігі – 34,0-44,5 центнерге, арпа – 35,0-51,2 центнерге, соя – 22-30 центнерге, жүгері – 60,0-80 центнерге, қаныт қызылшасы – 350,0-644,5 центнерге дейін артық өнім бергені мәлім болды. Осылайша ғалым шаруалар осы бағытта жұмыс істеп, мол өнім алуға болатынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар