Өзектi

Қазақстанда қуат көзін үнемдейтін магнитті алудың технологиясы пайда болды

06.09.2016

5123

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ғалымы С.В. Плотников жоғарыэнергетикалық Sm-Co магнитінің наноқұрылымын дайындаудың технологиясын әзірледі деп хабарлайды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Нанаоөлшемдік деңгейде әзірленген магнит қуат көзін үнемдейтін заманауи құрал-жабдықтар жасауға кеңінен пайдалануға болады. Осылайша энерготиімділікті қалыптастыруға болады.
Ғалым жаңа магнитті дайындау технологиясын әзірлеу кезінде сирек кездесетін жер металдарын пайдаланып, магниттің физикалық қасиетін терең зерттегенін айта кетуіміз керек. Ол ғылыми-зерттеу барысында «үшінші буынға» жататын самарий-кобальтты пайдаланған.
Sm-Co деген атауға ие болған магнит температура 160 оС-қа дейін шыдас береді. Магниттің бұл түрін түрлі пішіндегі құрылғылардың бөлшектерін шығаруға қолайлы екенін де айта кетуіміз керек. Жаңа өнімді авиация, электроника, метрология, медицина және түрлі аспаптар жасауда кеңінен пайдалануға болады.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар