Өзектi

«Болашақ» бағдарламасының жазғы кезеңіндегі 176 стипендияның иегері белгілі болды

16.08.2016

5490

«Болашақ» бағдарламасы аясында құжаттар қабылдаудың жазғы кезеңінде 176 стипендияның иегері белгілі болды. Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысынан кейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов мәлім етті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2016 жылғы 11 сәуірден 13 мамырға дейін құжаттар қабылдаудың бірінші, яғни көктемгі кезеңі өткізілді. Биылғы маусым айының соңына қарай 137 үміткері бүкіл кезеңнен жақсы өтіп, стипендия иегері атанды. Осылардың арасында 100-і магистратураға, 8 адам докторантураға, қалған 29 үміткеріміз қысқа мерзімді тағылымдамаға барады. Олардың көбісі (28-і) - дәрігер мамандар.

«Енді маусым-шілде айларында құжаттарды қабылдаудың жазғы кезеңі болды. 400-ден астам құжаттар түсіп, соның 176-сы стипендия иегерi атанды. Көбісі магистратура мен докторантураға баратын болады. Қалған 70-ке жуық азамат тағылымдама бағытында барады», - деді ол.

Алдағы уақытта күзгі кезең бойынша тиісті шешім шығарылады. Жалпы, биылға 700 стипендия бөлінді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың басынан бері бағдарлама ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының 2016-2020 жылдарға арналған жаңа даму жоспары бойынша іске асырылуда, құжатта оны жаңартудың негізгі бағыттары белгіленген.

«Елбасының қолдауы арқасында «Болашақ» бағдарламасы бюджет жағынан тапшылық болған жоқ. Осы жылы 700 стипендия бөлініп отыр. Жалпы алғанда 20 млрд. теңгеге жуық қаражат бүгінде шетелде оқып жатқан 1,5 мың студентке және биылғы жаңа 700 стипендияға жұмсалады. Өздеріңіз білесіздер, 137 стипендия жылдың басында бөлінді, бүгін 176-сы қамтылды, ал қалған 400-ге жуық стипендия жылдың соңына дейін бөлінбек. Бүгіннен қыркүйектің соңына дейін құжаттарды қабылдаудың жаңа кезеңі басталып кетті»,-деп түйді сөзін Ғ. Нығыметов.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар