Өзектi

Мемлекеттік органдар ғарыштан түсірілген үш мыңнан астам фотоны кәдесіне жартты

22.07.2016

5184

2016 жылғы екінші тоқсанда Қазақстанның мемлекеттік органдарына ҚР ЖҚЗ ҒЖ-дан алынатын 3000-нан астам ғарыштық түсірілімдер ұсынылды
Бүгін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінен алынатын ғарыштық түсірілімдерді республиканың мемлекеттік органдарына және ұйымдарына ақысыз негізге ұсынып отыр. Түсірілімдер мемлекеттік органдардың өтінімдеріне сәйкес ұсынылады.
«ҚР ЖҚЗ ҒЖ-дан алынатын ғарыштық түсірілімдерді мемлекеттік органдарға және ұйымдарға ұсыну қызметтері» республикалық бюджеттік ішкі бағдарламасына сәйкес ағымдағы жылдың 2-тоқсанында «KazEOSat – 1» ҚР ЖҚЗ ҒЖ айыру қабілеті жоғары спутнигінен 3 017 ғарыштық түсірілім мынадай мемлекеттік органдарға ұсынылған болатын:
– ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті;
– ҚР ҚМ ӘҒБ орталығы;
– ҚР ІІМ Қылмыстық полиция департаменті;
– ҚР Энергетика министрлігі;
– Астана қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті;
– Казгеодезия РМҚК;
– ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;
– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлгі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті;
– ҚР Бас прокуратурасы;
– ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
«KazEOSat – 2» ҚР ЖҚЗ ҒЖ айыру қабілеті орташа спутниктен алынған тағы 354 ғарыштық түсірілім ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне, ҚР Энергетика министрлігіне және ҚР Бас прокуратурасына жолданғанын атап өткен жөн.
Ұсынылатын ғарыштық түсірілімдердің негізінде геоқызметтер және жоғарғы қосылған құнымен бірге геоөнімдер құру бойынша кеңес қызметтерін көрсету аясында мемлекеттік органдар мен олардың ұйымдары өкілдерімен салалық сипаттағы мәселелер бойынша кеңес беру жұмыстары жүргізілгендігін ескертеміз.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өкілдері ойдағыдай оқытылды, нәтижесінде оларға оқу курстарынан табысты өткендігі туралы сертификаттар табыс етілді.
Қазіргі уақытта «ҚҒС» ҰК» АҚ мамандары оқудан өткен мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне кеңес беру жұмыстарын жүргізіліп жатыр.

Қазғарыштың баспасөз қызметі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар