Ғылыми жаңалықтар

ҚАТУ-ға Израиль мемлекетінің Су шаруашылығы Мемлекеттік Басқармасының бас директоры және Басқарма төрағасы Александр Кушнир сапармен келді

15.06.2016

4441

2016 жылдың 7 маусым күні «С.Сейфуллин атындағы Қазақ aгротехникалық университеті» АҚ-на Израиль мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің көмегімен Израиль мемлекетінің Су шаруашылығы Мемлекеттік Басқармасының бас директоры және Басқарма төрағасы Александр Кушнир сапармен келді.

Кездесуге ҚАТУ тарапынан Басқарма төрағасы А.Қ.Күрішбаев және Халықаралық ынтымақтастықты және көптілді оқытуды дамыту орталығының директоры С.Ә.Мейрамова қатысты.

Кездесудің басты мақсаты ҚАТУ мен Израиль мемлекетінің Су шаруашылығы Мемлекеттік Басқармасының арасында ынтымақтастық бойынша аспектілерді талқылау.

Кездесу барысында ҚАТУ Басқарма төрағасы А.Қ.Күрішбаев ҚАТУ мен Израиль мемлекетімен оқу орындары және компаниялары арасындағы ынтымақтастық нәтижелерін баяндады, сонымен бірге Израиль Қазақстан үшін сауда-экономикалық және мәдени-қоғамдық ынтымақтастық саласындағы басым елдерідің бірі деп саналады. Басқарма төрағасы А.Қ. Күрішбаев Александр Кушнир мырзаның ҚАТУ-ға сапары екі мекеменің ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың жаңа даму векторы болуына ерекше көңіл аударды.

Александр Кушнир мырза Израиль мемлекетінің Су қорларының қазіргі жағдайы мен келешегі туралы баяндады, сонымен бірге соңғы 3 жылдың ішінде су тарифтері 18% төмендеді деп ерекше назар аударды.

Кездесу нәтижесінде ҚАТУ-да Су қорлары факультетін ашу және қос дипломды білім беру мен оқытушылардың өзара алмасуы туралы ынтымақтастық ұсыныстар жасалды.

Сонымен қатар, Александр Кушнир мырза ағымдағы жылдың желтоқсан айында Израиль мемлекетінің Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мырзаның Қазақстан Республикасына ресми сапармен келетінін айтты. Сондай-ақ, ҚАТУ Израиль мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаэль Бродский мырзаға ресми хат дайындады. Хатта ҚАТУ-да Су қорлары факультетін ашу және израильдік технология бойынша су ресурстарын ілгерілету, атап айтқанда, тамшылатып суару туралы баяндалды.

Дереккөзі: kazatu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар