Ғылыми жаңалықтар

«ESOR ASTANA TUTORIAL 2015» АСТАНАДА

15.06.2016

4542

Бүгін Астанада Жүрек орталығының базасында Радиологтардың еуропалық қауымдастығының бастамасымен ұйымдастырылған «ESOR Astana Tutorial» атты Радиологтардың ІІІ еуропалық мектебі өз жұмысын бастады.
Радиологтар еуропалық мектебінің мақсаты – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан елдері жас радиологтарын әлеуметтік мәне бар ауруларды (жүрек пен қантамырлар патологиясы, өкпе туберкулезі, қимыл-тірек аппараты және сүт безінің қатерлі ісігі) радиологиялық диагностикалау халықаралық стандарттары және радиациялық қауіпсіздік бойынша білім беру болып табылады. Екі апта ішінде «ESOR Astana Tutorial 2015» қатысушылары радиология саласындағы Греция, Бельгия, Швейцария, Ресей және Қазақстанның белгілі мамандарының дәрістерін тыңдайтын болады. Дәріс берушілердің қатарында Радиологтардың еуропалық мектебінің директоры, профессор Николас Гоуртсояннис, Ресей радиологтары қауымдастығының президенті, профессор Валентин Синицин, Қазақстан радиологтары қауымдастығының президенті, профессор Раушан Рақымжанова және т.б. бар. «ESOR Asatana Tutorial» радиологтардың III еуропалық мектебі Орта Азия елдеріндегі диагностикалау қызметінің дамуына ықпал ететін болады.

Дереккөзі: heartcenter.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар