АҚШ-тағы Джорджтаун университетінің ғалымдары баланың денсаулығы әкесінің жас мөлшеріне байланысты болады деген тұжырымға келіп отыр. Зерттеушілер балаларда кездесетін туабіткен патологияның олардың әкесінің жасымен тікелей байланысты екенін көрсетіп отыр. Бұл оларға бала ағзасындағы ақаулар ұрпақтан ұрпаққа берілетін эпигенетикалық өзгерістердің нәтижесі екенін айтуға мүмкіндік береді, деп жазады anabol.kz.
Зерттеу авторларының бірі Джоанна Китлинска балаға әйелдің жүктілік кезіндегі гормональдық факторлары мен психологиялық жағдайы ғана әсер етпейтінін айтады.
"Біздің жаңа зерттеу әкеге қатысты да әділетті болып табылады. Ер адамның жасы мен өмірі гендер қызметін бақылайтын молекулаларға әсер етеді» - деді Китлинск.
Өз баяндамасында ғалымдар әкенің ұрпақтың эпигенетикалық өзгерістеріне әсерін растайтын деректерге сүйенеді. Мысалы, әкедегі жас мөлшеріндегі өзгерістер мен баладағы шизофрения, аутизм және туабіткен ұсқынсыздық болу мүмкіндігі арасында байланыс орнатылған.
Соңғы зерттеудегі авторлар фетальді алкогольді синдромы бар балалар әкелері 75 пайыздық жағдайда ішімдікке салынады. Сондықтан ФАС анасы мүлдем ішімдік қолданбаған балаларда кездесуі мүмкін.
Сонымен қатар әкенің ішімдікке әуес болуы, әдетте жаңа туған нәресте салмағының төмендеуіне, оның ми көлемінің кішірейуіне және когнитивті қабілетінің нашарлауына әкеліп соқтырады.
Джоджтаун ғалымдары жағымды жаңалық айтты: баланың жасөспірім кезінде дұрыс тамақтануы жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітімді азайтатынын көрсетті.
Міне, әкенің семіруі метаболизмнің бұзылуына, диабеттің пайда болуына, тіпті ми қатерлі ісігіне алып келуі мүмкін. Егер ер адам күйзеліске тез түсетін болса, бұл оның ұрпағына психикалық бұзылыстардың қаупін арттырады.
"Әрі қарайғы зерттеулер әке мен ананың жеке-жеке ықпалын қарастырғаннан гөрі, екі ата-ана тарапынан балаға эпигенетикалық әсерін ескеретін болады", - деп хабарлайды Китлинска.
Ол сонымен қатар клиникалық ұсыныстарды әзірлеу кезінде әкелік эпигенетикасы бойынша жаңа деректерді ескеру керектігін айтты. Ер адамдарға Китлинска өзіне қажет тұжырым жасауды ұсынды.
Дереккөзі: inform.kz