Ақтөбеде «Білім. Жұмыс. Мансап-2016» мамандандырылған көрмесі өтуде
Ақтөбедегі Достық үйінде екікүндік «Білім. Жұмыс. Мансап-2016» тоғызыншы мамандандырылған көрмесі өтті. Шараға Ақтөбе облысының, сондай-ақ, Көкшетау, Орал, Орск, Орынбор қалаларының 30-дан астам оқу орындары қатысуда.
Көрмеге келушілер - 9-11 сынып оқушылары және олардың ата-аналары - Ақтөбе, сондай-ақ ресейлік жоғары оқу орындарындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқу мүмкіндіктеріне белсенді қызығушылық танытуда.
Көрме барысында кәсіпорындар, кәсіби оқу орындары және облыс кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы үш меморандумға қол қойылды.
Атап айтқанда, меморандумдарға облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов, «Ақтөбе политехникалық колледжі» АҚ президенті Қасымбек Алдияров, «Стройдеталь» ЖШС директоры Анатолий Симонов қол қойды.
Тағы бір ынтымақтастық туралы құжатқа кәсіпкерлер палатасы Жайсаң интернатымен және «Родники» ЖШС арасында қол қойылды, осындай меморандумға өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Ақтөбе политехникалық колледжі және «Ұлан компаниясы» ЖШС өкілдері қол қойды.
Сөйтіп, осы оқу орындарының түлектері кәсіпорындармен белсенді ынтымақтасып, өндірістік практикадан өтеді және одан әрі еңбекке орналасу мүмкіндігі қарастырылады.
Тұтастай алғанда, кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқановтың айтуынша, екі жыл ішінде облыстың 48 кәсіпорындары 10 сала бойынша 19 колледжбен мамандар даярлау жөнінде меморандумға қол қойды.
- Кез келген кәсіпорынның табысты болуы онда жұмыс жасайтын мамандарға байланысты. Кәсіпорындарды, ұйымдарды дамыту бүкіл өңірді дамытуға серпін береді, - деп атап өтті Н.Мұқанов.
Дереккөзі: inform.kz