Өзектi

Т. Мұсабаев ҚР-дағы ғарыш саласын дамытудың жоспарларымен және мүмкіндіктерімен бөлісті

12.10.2015

4720

Енді қазақстандық ғарышкерлердің саны үшеу болды, қазақстандық ғарышкерлердің тізімі мұнымен бітпейді деп ойлаймын.
Ресейлік ғарышкер, ХҒС-дағы 43/44 экспедициясының командирі Геннадий Падалка және ЭП-18 мүшелері қазақстандық Айдын Айымбетов пен даниялық тұңғыш ғарышкер Андреас Могенсенмен Жұлдызды қалашықта өткен салтанатты кездесуде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев осындай пікірімен бөлісті.

«Ғарышкерлерді ғарышқа ұшырған кез келген ел оны тоқтатпауы тиіс. Қазақстанда бұл істі әрі қарай жалғастыру үшін барлық мүмкіндіктер бар деп ойлаймын», - деді Т.Мұсабаев.

Қазақстандық Аэроғарыш комитетінің төрағасы атап өткендей, бұл үшін «Қазғарыш» жоспарында ғарышкерлерді ғарыш кеңістігіне ұшыруға дайындау бөлімі бар.

«Перспективалар жақсы. Бұл телекоммуникациялық мақсаттағы ғарыш аппараттарын басқаратын жерүсті кешендері, Алматы түбінде, сондай-ақ Ақкөлдегі резервтегі және негізгі кешендер. Бұл Жерді қашықтықтан зондтау жүйесі. Спутниктерді Ұлттық ғарыш орталығының мамандары басқарады», - деді Т.Мұсабаев.

Ол Қазақстанның ғарыш саласында алға жылжуына септесетін қазақстандық-ресейлік бірлескен жобаларды атады.

«Астана қаласында ғарыш аппараттарын жинақтау сынау кешенін құру жоспарланған. ТМД аумағында ондай кешен жоқ. Біз бірінші боламыз», -деп атап өтті қазақстандық Аэроғарыш комитетінің төрағасы.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар