Өзектi

РФ мен Оңтүстік Корея ғалымдары мамонтты клондау үшін оның терісінен тірі жасушаларды іздемек

09.10.2015

5803

Ресей мен Оңтүстік Корея ғалымдары мамонтты клондау үшін оның терісінен тірі жасушаларды іздеу бойынша бірлескен жұмысты бастайды. Бұл туралы ТАСС палеонтолог-ғалым, Солтүстік-батыс федералды университеті (СБФУ) мамонт мұражайының аға ғылыми қызметкері, "Солтүстік Ойкумена" экспедициясының жетекшісі Семен Григорьевке сілтеме жасап хабарлады.
"Биыл Якутияның солтүстігіндегі палеонтологиялық экспедиция кезінде мамонттың сақталып қалған терісі табылды. Оңтүстіккореялық әріптестермен бірге жақын арада бұл теріден тірі ДНК жасушаларын іздеуді бастаймыз", - деді ол.

Осыған дейін Корея Республикасының ғалымдары Малоляховтық мамонттың гемолизирленген қанының бір бөлігін алған. Онда лейкоциттер мен гемоглобин ядролары сақталған. Алайда олар бүтін ДНК жасушасын таба алмады.

Малоляховтық мамонт 2013 жылы Малый Ляховский (Якутия) аралында табылған. 2014 жылы ол Якутскке жеткізілді.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар