Өзектi

Бүкілресейлік Х шығыстанушылар съезі өз жұмысын бастады

09.10.2015

5389

8 қазанда Уфа қаласында «Ресей және Шығыс елдері: мемлекеттер мен халықтар ынтымақтастығы» тақырыбында Бүкілресейлік Х шығыстанушылар съезі өз жұмысын бастады.
Екі күнге жоспарланған шара М.Гафури атындағы Башқұрт мемлекеттік академиялық драма театрында және Ахмет-Заки Валиди атындағы Ұлттық кітапханада өтеді.

Алқалы жиынның ашылу салтанатына қатысып, съезд жұмысын ашып берген Башқұртстан Республикасының басшысы Рустам Хамитов өз сөзінде Халықаралық Түркі академиясының жұмысына оң баға берді.

Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі өз кезегінде съезд жұмысына сәттілік тіледі.

Съезге қатысушылар түркология мен шығыстанудың көкейкесті мәселелерін, оларды дамытудағы аймақтардың рөлін талқылайды. Сонымен қатар, шығыстану саласындағы іргелі зерттеулердің қорытындыларын, әлемдік ғылымның дамуына қосқан үлесін бағалап, тарихи мұраларды зерттеу нәтижелерін қарастырады деп күтілуде.

Шығыстану саласында дәстүрлі түрде өткізілетін бұл съезд тақырыптық секцияларға бөлінген. Айтулы жиынға дүние жүзінің, оның ішінде ТМД мен түркі елдерінің танымал ғалымдары қатысуда, деп хабарлайды Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметі.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар