Өзектi

Жапон ғалымдар жарап тұр

08.10.2015

4710

2001 жылдан бері жаратылыстану ғылымдары бойынша Нобель сыйлығына алуда жапон ғалымдары айрықша белсенділік танытуда. Олар бұл бағытта АҚШ-қа ғана жол беріп отырғанын Жапонияның Минситрлер кабинетінің бас хатшысы Есихидэ Суга мәлім етті.
Күні кеше ғана физология және медицина саласы бойынша Жапонияның екі ғалымы – Сатоси Омуре мен Такааки Каджитаның Нобель сыйлығының иегері атанды Сатоси Омуре ирландиялық әріптесі Уильям Кэмпбеллмен паразиттерге қарсы жаңа инфекция ойлап тапқаны үшін әйгілі сыйлықты қанжығасына байлағанын білеміз. Ал Такааки Каджита канадалық ғалым Артур Макдональдпен тізе қосып нейтронның массасын анықтап, Нобель сыйлығының иегері атанды.
Осылайша жапон ғалымдары қатарынан екі жыл бойы жаратылыстану ғылымдары бойынша Нобель сыйлығымен қанжығаларын майлап келеді. Жалпы, 1949 жылдан бері Жапонияның 24 ғалымы Нобель сыйлығының иегері атанған. Ал 2001 жылдан бері әйгілі сыйлыққа 15 ғалымның қол жеткізгенін еске алсақ, соңғы 15 жылда Жапонияда ғылымның қаншалықты дамығанын аңғаруға болады.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар