Өзектi

Роботты техника олимпиадасында Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірттері жүлделі орындарды иеленді

23.09.2015

5638

ҚазАқпарат - Астана қаласында өткен республикалық роботты техника олимпиадасында Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірттері жүлделі орындарды иеленді.
Оқушылардың техникалық-шығармашылық қабілеттерін дамытып, қолдауды мақсат ететін аталмыш олимпиада осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Айтулы додада Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінен барған Ербол Абай мен Әділет Бекетов қазына іздеу санаты бойынша бірінші жүлдені еншілесе, Асан Бекқалиев пен Әділет Бекетов екінші орыннан көрінді. Сондай-ақ шығармашылық санаты бойынша Динара Алманова мен Айдана Асанғалиева бірінші орынды жеңіп алды. Ал футбол санатында Арыстан Сабыр мен Мұратбек Болғанбаев төртінші орынға табан тіреді.

Енді бұл оқушылар ел құрамасы сапында Катарда өтетін халықаралық олимпиадаға қатыспақ.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар