Өзектi

Білім күні мерекесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов дарынды балаларға арналған № 81 жаңа гимназиясы - «Astana English School»-ға барды

03.09.2015

5903

2015 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов дарынды балаларға арналған астаналық жаңа № 81 гимназия - «Astana English School»-ға барды.

Жаңа гимназиядағы білім күні мерекесі салтанатты сапқа тұрудан басталды, ал шараның соңында ҚР БҒМ министрі А.Сәрінжіпов пен БҒМ қызметкерлері «Astana English School» жаңа гимназиясымен танысты. Қонақтар 5 сынып оқушыларының ағылшын тілінде өтетін интерактивті сабағына, 7 сыныпқа арналған ағылшын тілінде өтетін: «Қазақстан жолы: 5 реформа және 100 қадам» тақырыбындағы сынып сағатына, 6 сыныпқа арналған ағылшын тілінде өтетін биология сабағына және «EXPO-2017 – болашаққа сенімді қадам» тақырыбындағы ағылшын тілі сабағына қатысты. Содан кейін Аслан Сәрінжіпов «Astana English School»-дың педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді. «Astana English School» № 81 гимназиясы 1200 орынға есептелген, мектептің жалпы ауданы - 11765,60 ш.м., барлығы 54 кабинет, оның 2 – мультимедиялық, акт залы, кітапхана, ағаш, металл және матаны өңдеу шеберханалары. Оқыту тілі: қазақша және ағылшынша.

Бұл жылы бірінші сыныпқа шамамен 340 мың қазақстандық бүлдіршіндер барды. Олардың әрқайсысы, өмірлерінің алғашқы оқу жылында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан естелік сыйлыққа - «Менің Отаным - Қазақстан» атты кітабын алды.

Бүкіл республика бойынша 25 тамыздан бастап 5 қыркүйекке дейін Білім күніне арналған іс-шаралар: салтанатты сапқа тұрулар, мәдени-танымдық бағдарламалар, мультипликациялық фильмдер мен мектеп өмірі туралы мультипликациялық фильмдердің көрсетілімдері, театрларға, цирктерге, мұражайларға қайырымдылық экскурсиялар, жоғары сынып оқушыларына арналған зияткерлік кештер, ата-аналарға арналған көрнекі-кітап көрмелері, білім беру нысаналарының ашылуы, балалар шығармашылық ұжымдарының концерті, жаппай спорттық-отбасылық мерекелер өтеді.

Қазақстанның барлық мектептерінде 2015 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған Бірыңғай Білім Сабағы өтті. 1-4-ші сыныптарда «Менің Отаным - Қазақстан» Білім сабағы, 5-8-ші сыныптарда - «Қазақ халқының ерліктері» Батылдық сабағы, 9-11-ші сыныптарда - «Мәңгілік ел: бір ел –бір тағдыр» Бейбітшілік пен келісім сабағы өтті.

Дереккөзі: edu.gov.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар