EXPO-2017

Ибрагим Жанғоразов ҚР Ауыл шаруашылық академиясының академигі атанды

24.07.2015

4984

Социалистік Еңбек Ері Ибрагим Жанғоразовқа ҚР Ауыл шаруашылық академиясының академигі атағы берілді. Бұл туралы Ақмола облыстық мәслихаттың баспасөз қызметінен хабарлады.
«Жақында Алматы қаласындағы ҚР Ауыл шаруашылық академиясында өткен жиында біздің жерлесіміз, Социалистік Еңбек Ері, Ақмола облысы мен Аршалы ауданының құрметті азаматы, «Ижевский» ӨК бас директоры, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Ибрагим Дәуітұлы Жанғоразовқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық академиясының академигі атағы берілді.

Шешім бірауыздан қабылданды. Ибрагим Дәуітұлы қырық жылдан астам уақыт бойы республикамыздың құс өсіру саласының бастауындағы ұжымды басқарып келеді. Одан басқа, «Ижевский» ӨК - біздің өңірдегі бидай өндірудің флагманы, кәсіпорын мал шаруашылығымен танымал.
Ибрагим Дәуітұлы тәжірибесімен өз кітабында - өндірістің кезең-кезеңмен қалыптасу оқулығында бөліскен. Осылайша, оның академиялық еңбегі мойындалды» делінген хабарламада.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар