Өзектi

ОҚО әкімі ҰБТ-да 125 балл жинаған түлекке 500 мың теңге тапсырды

26.06.2015

4960

ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов ҰБТ-да 125 балл жинаған Төле би ауданындағы орта мектептің түлегіне 500 мың теңгелік сертификат табыс етті.
Лаура Әбдазимова облыста 125 балл алған жалғыз түлек. Ол ақшаны ысырап қылмай, қосымша білім алуға жұмсайтынын айтты.

«Алтын белгі» табыстау салтанатты рәсіміне 608 оңтүстікқазақстандық түлек жиналды. Олардың барлығы үздік білімдерін растағандар, бастапқыда үміткерлер саны 1084 болған. «Сендер біздің болашағымызсыңдар. Біз дұрыс бағытты таңдадық. Барлығымыздың түпкі мақсатымыз - Қазақстанның келешегінің зор болуы. Баршаңа табыс, сәттілік, жарқын болашақ тілеймін», - деді А. Мырзахметов.

Осы жылы ҰБТ ОҚО үшін табысты өтті, - деп атап өтті облыстық білім беру басқармасынан. Облыста орташа балл 78,9-ды құрады. Оның ішінде Кентау қаласының түлектері ерекше көрінді, олардың орташа балы - 99,1. Екінші орында Созақ, олардың орташа балы - 86, үшінші орында Түркістан түлектері, олар орташа 85 балл жинады. Шымкентте орташа балл 81,8-ді көрсетті, ал ең төмен көрсеткіш (орташа балл - 70,4 және тиісінше 67,1) Сарыағаш, Сайрам аудандарында тіркелді.

Салтанатты рәсімде Мақтаарал ауданының Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының еңбегі атап өтілді. Олардың барлық 35 үміткері үздік білімдерін растады. Мектеп директоры, бес әріптесі мен үздік нәтиже көрсеткен түлектер облыс әкімінің құрмет грамоталарын алды.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар