Биыл ұлтымыздың ұлы ақыны, хакім Абайдың туылғанына 170 жыл. Осыған орай Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Абай оқулары» өтті. Поэзиялық кеш аталған оқу орнының «Философия және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы және Ғылыми кітапханасының ұйымдастырумен жүзеге асырылды.
Іс-шараның мақсаты – Абай Құнанбайұлының ақындық талантын студент жастардың жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейтуге баулу. Кеш барысында білімгерлер өздерінің таланттарын және ақындық шеберліктерін арнау, ән, би, көрініс, хор және домбыра арқылы жеткізе білді. Сайысқа қатысушылар үш номинация бойынша, атап айтқанда «Үздік туынды» (Абай шығармаларының үздік өлеңдерін жатқа оқу сайысы), «Үздік дауыс» («ұйықтап жатқан жүректі оятатын» Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқу орындаушылардың сайысы), «Үздік актерлік шеберлік» (жас дарындар сайысы) баптары мен бақтарын сынады. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша, барлық сыннан сүрінбей өткен Қасымхан Мәншүк (КЯ-14-3 тобы), Өміржанқызы Ұлдана (ДОВ-14-1 тобы), Зейнебекова Нүргүл (ШТ-14-3 тобы) үздік деп танылды. Жеңімпаздар Алғыс хаттармен марапатталды.
Дереккөзі: tarmpi.kz