Ғылыми жаңалықтар

Ғалымдар компьютерді адам миымен қосу әдісін ойлап тапты

26.03.2015

4678

Массачусетс технологиялық институтының мамандары адамның миын компьютермен қосуға болатын құралды ойлап шығарды, деп жазады шетелдік БАҚ.
Құрылғы адамның басындағы таңдалған аймаққа қосылатын арнайы өте жіңішке талшықтан тұрады. Талшықтар келіп түсетін белгілерді компьютерге жібереді. Мамандар сол арқылы мида өтіп жататын процестерді зерттеуге, ал болашақта Паркинсон ауруымен күресуге үміттеніп отыр.

Ғалымдар осындай құрылғының көмегімен болашақта сал болған адамдар ойдың күшімен роботтандырылған аяқ-қолдарын басқара алады деп есептейді.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар